Құжатта қатысушылар адам саудасына қарсы күрес, заңсыз есірткі тасымалына жол бермеу, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау мәселелері бойынша келіссөздер жасап, бірге жұмыс істеуге ниетті делінген.
Джон Керри бес мемлекеттің бас дипломаттарымен кездесу кезінде Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігіне Вашингтонның да алаңдайтынын жеткізді. Керридің сөзінше, АҚШ"Ислам мемлекеті" және "Әл-Каида" экстремистік ұйымдарының қаншалықты қауіпті екенін түсінеді.