Ссылки доступа

Түркіменстан мен Украина арасында трансконтинентальды көлік дәлізі құрылмақшы


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Украина мен Түркіменстан арасында құрылатын трансконтинентальды көлік дәлізін екі елдің өзара дамуына ықпал жасайтын жоба деп атады.

"Менің ойымша көлік дәлізін құруға бізде жақсы мүмкіндік бар", - деді Түркіменстан президенті бейсенбі күні Ашхабадта Украина президенті Петр Порошенкомен кездесу кезінде.

Ол бұл мәселе тек ғана Түркіменстан үшін емес, өзге мемлекеттер үшін де маңызды деп атап өтті.

Сонымен бірге Түркіменстан президенті екі ел арасында энергетика, сауда-экономикалық және гуманитарлық салада қарым-қатынас жасауға жақсы мүмкіндіктер көріп тұрғанын жеткізді.

Ал Порошенко өз кезегінде, екі ел дамуын белсенді ету мәселесін қозғады.

"Екі елдің ынтымақтастығы тарихи және стратегиялық сипат алады", - деп атап өтті Украин басшысы. Келіссөзден кейін аграрлық, экономикалық, өндіріс саласы бойынша қол қойылады деп күтіледі.

XS
SM
MD
LG