Ссылки доступа

Сот «Ислам мемлекеті» ұйымына кірмек болған ММУ студентін тұтқындаған


Мәскеудің Лефортов соты 2015 жылдың маусым айында «Ислам мемлекеті» ұйымына кіріп, Сирияға аттанбақ болған Мәскеу мемлекеттік университетінің (ММУ) студенті Варвара Караулованы 23 желтоқсанға дейін тұтқындау жөнінде шешім шығарды. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын бұл қылмыстық істе Караулова куәгер ретінде қатысқан. Негізгі фигуранттар оны арбаған адамдар болған. Алайда өткен сейсенбі күні студент қыздан сұрау алу барысында және пәтерін тексеру барысында ол тыйым салынған ұйым мүшелерімен байланысын жалғастырған.

ММУ-дің философия факультетінің студенті мамыр айының соңында жоғалып кеткен. Маусым айының басында ол түрік-сирия шекарасын кесіп өтпек болған кезде 13 ресейлік азаматпен бірге ұсталған. Осыдан кейін Караулованы үгіттеушілер Шешенстанда қолға түсті деп хабарланды. Алайда ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG