Оның сөзінше, Жапония Қазақстандағы мемлекеттік және жеке саладағы реформаларға көмек беруін жалғастыра бермек. Абэ келіссөз барысында өнеркәсіп саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындау жағынан ынтымақтастық орнату туралы мәмілеге келгендерін мәлімдеді.
- Біз презиент Назарбаевпен ядролық сынақтарға толық тиым салуға байланысты келісімшарт туралы ортақ мәлімдемеге қол қойдық. Бұл соғыс кезінде атом бомбасынан зардап шеккен жалғыз ел ретінде Жапония үшін өте маңызды, - деді Синдзо Абэ.
Кездесуді қорытындылаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елінің ірі жапон компанияларынан инвестиция күтетінін айтты.
Астанаға сапары барысында Абэ бүгін қазақ-жапон бизнес форуына келеді деп жоспарланған. Сонымен бірге Жапония премьер-министрі Назарбаев университетінде лекция оқуы мүмкін.