Қырғызстанда 26 қазанда сағат 15.09 шамасында жер сілкінді деп хабарлады республиканың сейсмология институты. Ошта 4 балл, Бішкекте – 3 балл, Нарында – 3 балл орын алған.
Тәжікстанда Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 5-6 баллдық жер дүмпіген. Әзірге бүлінген жөнінде ақпарат жоқ деп хабарлайды Азаттықтың тәжік қызметі.
Пәкістанда жер сілкінісі салдарынан 50-ге жуық адам қайтыс болып, ондаған адам жараланған.
Сонымен бірге Ауғанстанда 17 адамның өлімі жайында, оның ішінде Талукан қаласындағы мектептегі байбаламнан болған қысым кезінде 12 қыздың мерт болғаны жайында хабарланады.