Украинада жергілікті билікті сайлау Ресей тарапынан аннексияланған Қырым мен уақытша басып алынған Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарынан өзге аймақтардың бәрінде 25 қазанда өтті. Елдің халқы облыс орталықтарының басшылары, қалалық және облыс депутаттарын сайлады.
"Опора" азаматтық желісі сайлау күні мыңдаған заң бұзушылықтардың орын алғанын хабарлады. Оның ішінде сайлаушылардың дауысын сатып алу әрекеті, сайлау учаскесіне көлікпен тасу, бюллетендерді тастау секілді оқиғаларды тіркеген. "112 Украина" Закарпатьеде сайлаушылардың дауысын сатып алу дерегі бойынша үш қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.