Ссылки доступа

Қырғызстан бюджетінің ашықтығы жағынан ТМД елдері арасында үшінші орынға ие болды


Қырғызстан бюджетінің ашықтығы жағынан ТМД елдері арасында үшінші орынға ие болды.Бұл туралы стратегиялық зерттеулердің Ұлттық институты хабарлады. Халықаралық Бюджет әріптестігінің есебінде Қырғызстан 2012 жылғы 20 баллдан (100-ден) 2015 жылы 54 баллға секірген.

Қырғызстан индексте ең көп ұпайды«заң шығарушы органның бюджетті бақылауы» көрсеткіші бойынша жинаған. Бұл жағынан Қырғызстан 70 ұпай алып отыр.

Өзге көрсеткіштер бойынша баға төмендеу: айқындық жағынан 54 ұпай,қоғамның қатысуы52, қаржылық бақылаудың жоғарғы органы тарапынан бюджетті қадағалау небары 42 баллға ие болған. Индекс бойынша бұл «шектеулі» дегенді білдіреді.

ТМД бойынша бірінші орынға 74 балл жинаған Ресей, екінші орынға 66 баллмен Грузия шықты.

Халықаралық Бюджеттік әріптестіктің есебін жасаушылар Қырғыз үкіметіне республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жіктеу бойынша толығырақ ақпарат беруге кеңес етеді.

XS
SM
MD
LG