Елдің сыртқы қарызының едәуір бөлігі - 36,2% немесе56,2 млрддоллары экономиканың тікелей инвестицияларға қатысы жоқ «өзге секторларына» тиесілі. Ал борыштың ең қомақтысын - 52,6% фирмааралық қарызға кірген ұлттық және жеке компаниялар, фирмалар мен кәсіпорындар құрап отыр. Ақшаға шаққанда оның сомасы 81,7 млрд доллар болады.
Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 0,9 млрд АҚШдолларына өскен, бұл орайда мемлекеттік сектордың сыртқы берешегі 82 млндолларға азайған. Банктердің сыртқа қарызының 0,4 млрд-қа, «өзге секторлардыкінің» 0,6 млрддолларға көбеюі жекелеген банктердің борышкерлік құнды қағаздарының нарық бағасының өсуі мен сыртқы міндеттемелерінің күшеюімен байланыстырылады.