Ссылки доступа

Керри мен Лавров Сауд Арабиясы мен Түркия СІМ басшыларымен кездеседі


АҚШ, Ресей,Түркия және Сауд Арабиясы дипломатиялық басшыларының Венадағы кездесуі Сирия президенті Башар Асадтың Мәскеуге аяқ астынан жасаған сапарынан кейін өткелі тұр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Еуропаға Ресей,Түркия, Сауд Арабиясы және Израильмен Таяу Шығыс пен Украинадағы жағдай бойынша кеңесуге келе жатыр. Бейсенбі күні Керри Берлинде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен израильдіктер және палестиналықтар арасында өрши бастаған зорлық-зомбылықты тоқтату жолдарын талқыламақ.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби қазанның 23-де Венада Джон Керридің Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесетінін растады. Қос тарап Сириядағы жағдай туралы әңгімелеседі.

Бұған дейін РФ СІМ Ресей сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Сириядағы дағдарысты талқылау үшін Венада Түркияжәне Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлерімен кездесетінітуралы мәлімдеме таратқан еді.Министрліктің хабарлауынша, Лавров пен Керри Венаға келер алдында телефон арқылы сөйлескен.

XS
SM
MD
LG