Алдын ала мәлімет бойынша, Таалайбек Жуманов, Бакыт Кенжегулов және Муратбек Жумалиев жүрек талмасынан, бас миының ісігінен, ауыр жарақаттан қайтыс болған. Олардың бәрі адам өлтіргені үшін сотталғандар.
Алайда олардың өлімдері жөнінде ақпараттан кейін жергілікті БАҚ ұсталғандарды полиция қызметкерлерінің өлімші етіп сабағандары жөнінде жазды.
12 қазанда Чу облысының тергеу абақтысынан 9 тұтқын төрт күзетшіні өлтіріп қашып кеткен болатын. Полиция олардың бесеуін ұстаған. Төртеуі жасырынып үлгерген. Алайда 16 мен 20 қазан аралығында төртеудің екеуі операция кезінде өлтірілген. Енді қалған екеуді іздестіріп жатыр.
Билік мәліметі бойынша қашқындар діни экстремизм бойынша айыпталған. Олардың екеуі өмір бойы түрме жазасына кесілген.
>