Ссылки доступа

Қазақстанда жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасы қабылданды


Мәжіліс депутаттары сенаттың «жергілікті полиция қызметі туралы кейбір заң актілері туралы» заң жобасына қосқан өзгертулері мен толықтыруларын мақұлдады.

Сенат аудандық жергілікті полиция қызметі бастығын тағайындау мен оның қызмет мерзіміне қатысты түзетулер енгізген.

Заң жобасы жергілікті атқарушы билікке есеп беретін жергілікті полиция қызметін құруды және ІІМ жанындағы қоғамдық кеңестер мен аумақтық ішкі істер органдарының қызметін заңды түрде бекітуді көздейді.

Жергілікті полиция қызметі құқық бұзушылықтың алдын-алумен, қоғамдық тәртіпті сақтаумен, қылмыстың алдын-алумен айналысатын болады. Сонымен бірге оларға әкімшілік құқық бұзу істерін жүргізіп, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын өткізу жүктеледі.

XS
SM
MD
LG