Бұған дейін сенат депутаттары заң жобасына аудандық жергілікті полиция басшысын тағайындау және қызмет мерзімін ұлғайтуға қатысты түзетулер енгізген.
Заң жобасына сәйкес, жергілікті полиция полиция басшылығына кандидатты ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттарының келісімін алатын болады. Сонымен бірге, жобада жергілікті полиция басшысы әкімдік пен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретіні жазылған.
Мәжіліс қабылдаған заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.