Ссылки доступа

Петербургте балалар үйіндегі зорлау ісіне байланысты бес адам ұсталды


Санкт-Петербургте Тергеу комитеті балалар үйінің бірінде сексуалды зорлау ісіне байланысты сегіз бірдей қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу мәліметіне қарағанда, Петербургтің Киров ауданындағы балалар үйінде бір топ қызметкер 2005 жылдан 2010 жылға дейін 1991-95 жылы туған төрт тәрбиеленушіні жүйелі түрде зорлап келген.

Тергеу қорытындысы бойынша бес адамды ұстаған. Олар балалар үйінің директор орынбасары, балалар үйіндегі мектеп директоры және сондағы қызметкердің екі туысы.

"Фонтанки" басылымының мәліметінше, іс-материалында алты жәбірленуші бар. Бұл істі тексеруге негіз болған 26 жастағы Яковтың балалар үйі қызметкерлерінің тәрбиеленушілерді зорлағаны жайындағы әңгімесі себеп болған.

XS
SM
MD
LG