Ссылки доступа

Өзбекстанда демалыс орнында уағыз айтқан имам сотқа тартылды


Өзбекстанның Наманған облысы Чодак ауылындағы мешіттің имамы Ахмаджон Эшматов сотқа тартылды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

44 жастағы имам Өзбекстанның кәсіподақ федерациясына қарайтын "Чаткал" демалыс орнында шариғат заңымен уағыз оқыған.

Бірақ ресми рұқсатсыз діни уағыз айтумен айналысқан имам әкімшілік заңмен айыпталған. Сот шешімімен Ахмаджон Эшматовқа он айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлеуді міндеттеген.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі имамға "уағыз айту ісін жалғастыратын болсаң, қылмыстық жазаға тартыласың" деп ескерткен.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы рұқсатынсыз өзбек имамдарына уағыз айтуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG