Ресми мәлімет бойынша, шіркеуде діни рәсімдерді өткізген патриарх Тавадрос II зардап шекпеген. Одан кейін Александрия қаласының өзінде екінші жарылыс болды. Әулие Марк шіркеуіндегі шабуылдан 11 адам қаза тапты.
Екі шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алды.
9 сәуірде христиан әлемі Пасха мерекесі алдындағы жексенбілік діни рәсімін өткізді. Египеттегі христиан копт қауымына шамамен алты миллион адам мүше.