Мухаббат Кучимова бірден жан тапсырған. «Мухаббат кезекшілікте болған. Күйеуі кабинетте жалғыз отырған кезде, жүгіріп барып, бірнеше жеріне пышақ сұққан. Қазір мектепте бәріміз есеңгіреп жүрміз», – дейді қайтыс болған мұғалімнің әріптесі.
Ер адам не себептен мұндай қылмысқа барғаны әлі белгісіз.
Карши қаласы милициясының хабарлауынша, №4 мектепте қылмыс жасаған ер адам жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр.