ЕҚЫҰ-ның мәлімдемесі 3 сәуірде жарияланды. Онда дауыс беру процесіне араласу әрекеті - қоғамның сайлауларға сенімін азайтты делінген. Мәлімдемеде мемлекеттік қызметкерлер мен жеке компаниялардың қызметкерлеріне қысым жасалғаны туралы да айтылды.
"Өкінішке орай, дауыстарды сатып алу туралы бірнеше сенімді ақпарат бар, әсіресе мектептер мен ауруханалардың, сондай-ақ жекеменшік компаниялардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған", - деді Еуропарламент делегациясының басшысы Хейди Хаутала.
Сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалнама (экзит-пол) нәтижесі бойынша, президент Серж Саргсянның Армения Республикалық партиясы шамамен 50 пайыз дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.