"Мигрантсыз бір күн" акциясын ұйымдастырушылар осы арқылы мигранттарлың америкалық экономика мен өмір салты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсеткісі келеді.
Шерулер Вашингтон, Филадельфия, Бостон, Хьюстон, Чикаго және Нью-Йоркте өтті. Наразылық акциялары әлеуметтік желілер арқылы да жүргізілді. Халық Трамптың жеті мұсылман елінің азаматтарына елге кіруге тыйым салуы жөніндегі жарлығына наразы. Бұл жарлықты федералдық сот уақытша тоқтатып тастады.
16 ақпанда АҚШ президенті мұндай жарлықтың жаңасын келесі аптада тағы жариялайтынын мәлімдеді. Полиция тексерулері кезінде елде 680-нен астам заңсыз мигрант ұсталған.