Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, министрліктер мен тиісті мекемелерге бірінші тоқсанда мемлекеттік шекараларды реттеудің жоспарын құру жүктелген.
Онда Қырғызстанмен шекарадағы келісілмеген аймақты реттеуді тездету тапсырылған.
Сырдария, Навои, Жызақ облыстарындағы жер телімдері бойынша Қазақстанмен демаркациялау келіссөзі жүргізілмек. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбек және Маңғыстау облыстарымен шекаралас Қарақалпақстан автономды республика бойынша келіссөздер өтпекші.
Тәжікстан және Түркіменстанмен шекарадағы келісілмеген аймақтарды да реттеу мәселесі қарастырылған.