27 жастағы Парвина Саидова - бес баланың анасы, тәжік ұлттық киімін Орталық Азия және Еуропа мінберлерінде талай мәрте таныстырған.
Осыдан екі жыл бұрын ол сән әлемінен хабарсыз еді. Сұлу қызды тәжік дизайнері Хуршед Сатторов байқап қалған.
Парвина Саидова ол кезде бала тәрбиесімен ғана айналысатын еді.
Оның әлеуметтік желілердегі суреттерін байқаған жұрт Парвинаны жарнамаға, клипке, фильмге түсуге шақыра бастады. Парвина өзінің танымалдылығының құпиясы - бес баланы дүниеге әкелсе де, сұлу қалпында сақталғанында деп біледі.