Ссылки доступа

Дәрігерлер: ИМ-ге қосылмақ болған Варвара Караулованың ақыл-есі дұрыс


Сербский атындағы институттың мамандары МГУ студенті Александра Ивановадан (Варвара Караулова) қандай да бір психикалық ауытқушылықты байқамаған. Мәскеу аймақтық әскери сотында сот психолого-психиатриялық сараптама қорытындысын жасаған аталған мекеме тек 2015 жылдың маусым айында Ивановадан қысқа мерзімде дерессия байқалған дейді.

Эксперттік комиссияның хабарлауынша, Сербский институтта тексеруден өткен кезде студент қызметкерлерге көмектесіп, қарсыласпаған. Оған былтыр қойылған шизотиптік бұзылу диагнозы анықталмаған.

Студент қыз Мәскеуде 2015 жылдың 27 мамырында жоғалып кеткен. Сол жылы маусым айында түрік-сирия шекарасында 13 ресейлік ұсталған, солардың арасында Караулова да болған. Тергеу ісіне сәйкес, ұсталғандар Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының құрамына кірмек болған. Караулова Мәскеуге келіп, аты-жөнін өзгерткен. Оған террористік ұйымның құрамына кірмек болды деген айып тағылды.

Тергеу кезінде студент кінәсін мойындаған. Қыздың ата-анасы интернет арқылы танысқан виртуалды жігітке ессіз ғашық болды, ғашығы ИМ өкілі болып шықты дейді.

XS
SM
MD
LG