"Ресейлік ұлт туралы заңды" қабылдау қажеттігі туралы Путин Ұлтаралық қарым-қатынас жөніндегі Кеңестің отырысында мәлімдеді. Ресей басшысы бұған қоса елдегі мигранттарды "әлеуметтік бейімдеумен" айналысатын "федералдық орган" құру қажеттігіне тоқталды.
2012 жылы Путин "Ресейдің мемлекеттік ұлттық саясатының стратегиясы туралы" жарлыққа қол қойған еді. Құжатта елдің "этномәдени дамуы" туралы айтылған.
Кейін ұлт істері жөніндегі Федералдық агенттік құрылды. Оған Ресейде тұратын халықтардың бірлігін нығайту жұмысы тапсырылды. 2008 жылы Путин өзін "жақсы мағынада орыс ұлтшылымын" деп атаған.
Ресей аумағында шамамен 200 халық тұрады.