Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.
Қазіргі уақытта Өзбекстанның Олий Мәжілісі сенатының төрағасы – Нигматилла Юлдашев.
Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.