Бірқатар БАҚ-тың жабылуын Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін, төтенше жағдайлар енгізілгенімен байланыстырады. Кейбір тыйым салынған БАҚ Feza медиахолдингіне кіреді екен. Ол Фетхуллах Гүленнің жақтастарына тиесілі делінеді. Түркия билігі оны елде бүлік жасамақ болды деп айыптайды.
16 шілдеге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті орын алды. Билік бүлікшілерді басты. Бүлікті ұйымдастырды деп он бес мыңнан астам адам ұсталды. Сәрсенбі күні түрік билігі тағы да мың жарым әскери қызметкерді қызметінен шеттетті. Олардың жүзден астамы жоғары лауазымды шенеуніктер.