Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Әленова: «Алматы қаласының желілік бөліміне Air Astana әуе компаниясының қызметкерлерінен Алматы - Куала-Лумпур бағытында ұшатын ұшаққа жолаушыларды отырғызу кезінде Қырғыз республикасының 1994 жылы туған туған азаматшасының мас екені туралы хабар түсті», – деп мәлімдеді.
Полиция бойжеткеннің үстінен ҚР Қылмыстык кодексінің «Әуе кемесінде өзін ұстау тәртібін бұзу» және «Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу немесе мас күйінде болу» деген екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Алматы әуежайының анықтама қызметі ұшақтың кестедегі уақытынан 45 минутқа кешігіп ұшқанын хабарлады.